Атырау, 9 мамыр 21:36
 ашықВ Атырау +7
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Науқастар №2 облыстық жұқпалы аурулар ауруханасындағы палаталардың жай-күйіне шағымдануда

504 просмотра

Облыс әкімдігінің Telegram чатында науқастардың бірі 2 облыстық жұқпалы аурулар ауруханасындағы палатаның жағдайына шағымданды.

– Балам вирустық ішек инфекциясымен жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Палатаның жай-күйі мәз емес: ескі, үстел аяғы сынған. Терезелері мен есіктер қағазбен скотчталған. Матрастар өте лас, - дейді ауруханада жатқан баланың анасы.

Облыстық аурухана басшылығы төмендегідей жауап берді.

«Инфекциялық ауруханаларға қойылатын санитариялық талаптарға сәйкес төсек-орын жабдықтары (жамылғы мен жастықтар) дезинфекциялық камерада бумен өңдеуден өткізіледі, ал төсек-орын жабдықтары (жаймалар, жастық қаптары және т.б.) дезинфекциялық ерітіндімен зарарсыздандырылады. Дезинфекциялау құралдарының әсерінен мүлік тез тозып, түстері оңып кетеді. Палаталар санитариялық талаптарға сай тазаланады.

Аурухана ғимараты 2016 жылдан бері пайдаланылып келеді, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. 2020 жылдан 2023 жылға дейін аурухана COVID ауруханасы ретінде жұмыс істеді, қабырғалар мен мүлік жоғары концентрацияланған дезинфекциялық ерітінділермен өңделеді.

2023 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге өтінім берілді, бірақ қорытындысы кеш анықталғандықтан, жаңа жылдан бастап қазіргі уақытта блоктарда кезекті жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл палаталарда кезекпен жөндеу жұмыстары атқарылып отыр. Науқастар санының күрт өсуіне байланысты қазіргі уақытта барлық блокта қатар жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкін емес.

Науқасқа дәрігерлердің бақылауымен емдеу хаттамасына сәйкес емдеу шаралары тағайындалды. Әкімшілік уақытша қолайсыздық туғызғаны үшін кешірім сұрайды», - делінген хабарламада.

Жомарт ӘМІРХАНОВ

15 қаңтар, 17:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.