Атырау, 9 мамыр 14:51
 ашықВ Атырау +11
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Қазақстанда ер адамдардың шамадан тыс өлім-жітімінің себебі қандай?

598 просмотра

Жақында жарияланған 2021 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша әйелдер саны ерлерге қарағанда жарты миллионға (536 335 адамға) көп болды. Проценттік арақатынаста ерлер үлесі 48,6% (9 324 840 адам), әйелдер - 51,4% (975 адам) құрады. Осылайша, Қазақстанда 1000 әйелге 946 ер адам келеді, депхабарлайды economy.kz.

Санақ нәтижелері елдегі ерлер саны 38 жасқа дейін басым болатынын көрсетті, осы жастан бастап қатынаста ерлер саны тұрақты түрде азая бастайды. Бұл сәйкессіздіктің негізгі себебі ерлер өлімінің салыстырмалы түрде жоғары деңгейі болып табылады.

Қазақстанда ерлер мен әйелдердің күтілетін өмір сүру ұзақтығы арасындағы алшақтық (КӨҰ) 2012 жылы 9,6 жастан 2022 жылы 8,1 жасқа дейін қысқарды. Осы қолайлы үрдіске қарамастан, белгілі бір аймақтарда алшақтық жалпы республикалық мәнмен салыстырғанда жоғары.

2022 жылғы статистикалық деректер бойынша Шығыс Қазақстан (10,3 жас), Батыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай (9,3 жастан), Қарағанды (9,1 жас), Ақмола (8,8 жас) облыстарында ерлер мен әйелдердің КӨҰ арасындағы салыстырмалы жоғары алшақтық байқалады.

КӨҰ гендерлік алшақтыққ еңбекке қабілетті жастағы(15-64 жас) ерлердің шамадан тыс өлім-жітімі айтарлықтай әсер етеді. Осы жастағы ерлердің деңгейі әйелдер өлімінен екі есе көбірек. 2022 жылы елімізде 15-64 жас аралығындағы ерлердің өлім–жітім коэффициенті 1000 адамға - 5,9, ал әйелдердің коэффициенті - 1000 адамға 2,6 құрады.

Өңірлер бөлінісінде еңбекке қабілетті жастағы ерлердің салыстырмалы түрде жоғары өлім-жітімі солтүстік өңірлерде байқалады. Осы жас тобындағы өлім-жітім коэффициенті Шығыс Қазақстан облысында – 1000 адамға 9,3, Солтүстік Қазақстан облысында - 1000 адамға 8,7, Қостанай және Павлодар облысында – 1000 адамға 8,2, Қарағанды және Ұлытауда – 1000 адамға 8,1, Ақмола облысында – 1000 адамға 7,7, Абай және Батыс Қазақстан облысында – 1000 адамға 7,2 құрайды.

Өлім себептерінің негізгі кластарының арасында елдегі ерлердің шамадан тыс өлім-жітімі  «Жазатайым оқиғалардан, уланулардан және жарақаттардан» байқалады. 2022 жылғы статистикалық деректерге сәйкес, осы себептен ерлердің өлім-жітім коэффициенті (100 000 адамға 92,7) әйелдер өлімінен (100 000 адамға 22,8) төрт есе жоғары. Бұл ретте, осы себептен ерлердің өлім-жітім деңгейі солтүстік өңірлердегі жалпы республикалық мәннен асып түседі.

Шығыс Қазақстан (100 000 адамға 168,0), Қостанай (100 000 адамға 144,0), Павлодар (100 000 адамға 138,7), Солтүстік Қазақстан (100 000 адамға 137,8), Қарағанды (100 000 адамға 127,0) облыстары көшбасшылар болып келеді. Экономикалық тұрғыдан алғанда, ерлердің, әсіресе еңбекке қабілетті жастағы шамадан тыс өлім-жітімі, ең алдымен, үй шаруашылықтарының әл-ауқатына және еңбек нарығының жағдайына теріс әсер етеді.

23 қараша 2023, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.