Атырау, 9 мамыр 23:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Апатқа көпірдегі ақаулар себеп болды

Сурет
844 просмотра

12 қараша күні сағат 18.30 шамасында Индербор кентіне кіреберіс автомобиль көпірінде оқыс жағдай орын алды.

Оқыстан көпір үстіндегі темір көтеріліп кетіп, екі автокөлік жарамсыз болып қалған. Жүргізушілер аман-сау. Оқиға болған жерге полиция қызметкерлері де келген. Зардап шегушінің бірінің айтуынша көпір үстіндегі темірдің кесірінен автокөлігін сүйретіп алып кетуге тура келген. 

«Жайық өзені арқылы аудан орталығымен жалғастырып тұрған көпір 2010 жылы пайдалануға берілді. Көпір кент әкімшілігі балансысында, - дейді Индербор кенті әкімінің орынбасары Қайыржан НҰРИЕВ. - Осы кезге дейін жай жөндеу жұмыстары жүргізілген. Дегенмен көпір тозды. Енді осы көпірдің жәй жөндеу жұмысына сметалық жоба жасалып, темірді қалпына келтіреді. Бүгінде темір пісірушілер іске кірісті. Көпірге күрделі жөндеу қажет. Көпір айналасындағы суағарлар да істен шыға бастады». 

«АЖ»-ға белгілі болғандай, зардап шегуші көлік иелері сотқа жүгінбек.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Әлеуметтік желіден алынған суреттер мен бейнежазба

14 қараша 2023, 15:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.