Атырау, 9 мамыр 10:53
 ашықВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Есірткіні жасырын тығып сатумен айналысқан екі күдікті ұсталды

1 114 просмотра

30 қазан күні Атырау облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында қала аумағында синтетикалық есірткіні жасырын тығу әдісі арқылы сақтаған 2005 ж.т және 2006 ж.т күдіктілерді ұстады.

Тексеру кезінде 2005 ж.т ер адамнан 1 дана ақ түсті ұнтақ тәріздес заты бар және 5 дана қара изолентаға оралған ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік затымен зип-пакеттер тәркіленген. Сараптама қорытындысымен алынған заттардың  2,84 грамм синтетикалық есірткі және 3,28 грамм марихуана есірткі екені анықталды. Сондай-ақ, олардың қала аумағында 23 жерге сату мақсатында жасырын тыққан есірткілері анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-тің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.  Қазіргі уақытта 2005 ж.т. күдікті  ҚПК-нің 128-бабына сәйкес қамауға алынған. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

11 қараша 2023, 19:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.