Атырау, 9 мамыр 16:12
 ашықВ Атырау +11
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Атыраулық полицейлер микроқаржы кеңсесіне қарақшылық жасаған күдіктіні ұстады

Бейнежазба
1 806 просмотра

6  қараша күні сағат 11:00 шамасында "102" операторына 1983 ж.т әйел адам хабарласып, микроқаржы ұйымын тонады деп мәлімдеген.

Жедел басқару орталығының қызметкерлері тексеру барысында медициналық маскамен кеңсеге кіріп, күдік тудырған ер адамды байқап, учаскелік полиция инспекторларына бағыттама берген. Полицейлер кеңсе қызметкерін үшкір затпен қорқытып, 341000 теңгесін тартып алып, оқиға орнынан бой тасалаған ер адамды із суытпай ұстады. 

Қазіргі таңда 40 жастағы ер адамға ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының  2-бөлігі 4-тармағымен, яғни қарақшылық дерегімен тергеп-тексеру жұмыстары  басталды. Бұл бап мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

7 қараша 2023, 12:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.