Атырау, 9 мамыр 23:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Трассадағы көлік апатынан жолаушы қаза тапты

4 905 просмотра

Тас жолда сақ болыңыз деп ескерту алған жүргізуші қарсы бағыттағы көлік құралына соғып, жолаушысы қаза тапты, деп хабарлайды Атырау облыстық полиция департаменті.

26 қазан күні сағат 12:40 шамасында республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 794 шақырымы тұсында 1979 ж.т. азаматтың басқаруындағы «УАЗ» автокөлігі қарсы бағыттағы маркасы «DAF XF» автокөлігіне соғысып, жол-көлік оқиғасы орын алған. Нәтижесінде маркасы «УАЗ» автокөлігінің 1980 ж.т. жолаушысы түрлі дене жарақаты салдарынан қаза тапты. Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда.

Сондай-ақ, «УАЗ» автокөлігінің жүгізушісіне Атырау облысы ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау керектігін ескерткен, алайда көлік жүргізушісі жасалған ескертулерге қарамастан жол апатының орын алуына себепші болғаны анықталды. 

Барлық жол қозғалысына қатысушылар жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауы тиіс.

26 қазан 2023, 19:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.