Атырау, 9 мамыр 23:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Облыста 2 күнде 1000-нан астам құқықбұзушылық жасалған

506 просмотра
Бейнежазбадан алынған скриншот

Құқықтық тәртіпті сақтау, көшелерде және қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында облыс көлемінде қазан айының 16-20-сы аралығында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. 

Рейдтік іс-шараның 2 күнінде тәртіп сақшылары барлығы 1210 әкімшілік құқық бұзушылық дерегін анықтады. Оның ішінде:

- отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер - 59;

- ұсақ бұзақылық - 134;

- кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын-жайдан тыс жерде болуы - 161;

- шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы -54;

- алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде болу - 93;

- көлік құралының жылдамдығын шамадан тыс асыру - 129;

- мас күйде көлік басқару - 10;

- басқару құқығынан айырылған күйде көлік тізгендеу – 6;

- жаяу жүргіншілердің және жол жүрісіне қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы - 227.

Егер қоғамдық орындарда қылмыс немесе құқық бұзушылық жасау фактілері бойынша куәгер болсаңыз немесе олар бойынша қандай да бір ақпаратты немесе маңызды мәліметтерді білсеңіз, 102 нөміріне қоңырау шалуыңызды сұраймыз.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

20 қазан 2023, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.