Атырау, 9 мамыр 22:44
 ашықВ Атырау +7
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Жаяу жүргіншілер өткелінде үш жаяу жүргіншіні қағып кетті

864 просмотра

Атырау облысы полиция департаменті хабарлайды: 16 қазан сағат 14:20 шамасында Азаттық даңғылы бойында 1991 ж.т. азамат Opel Astra автокөлігін басқара отырып, реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінен үш жаяу жүргіншіні қағып, жол көлік оқиғасын жасады.

Нәтижесінде 1998 ж.т. азаматша және 1980 ж.т., 1967 ж.т. азаматтар жедел-жәрдем көлігімен Атырау облыстық ауруханасына жеткізіліп, азаматтар ауруханаға жатқызылды. Оқиға бойынша көлік құралы арнаулы тұраққа қойылып, тиісті іс-құжаттар жинақталуда.

17 қазан 2023, 00:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.