Атырау, 9 мамыр 08:04
 ашықВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Жағдайын түсініп, кешіру керек пе?

Бейнежазба
556 просмотра
Видеодан алынған скриншот

Атыраулық полицейлер мас күйде 5 қабаттың қылтимасына мінген адамды құтқарып қалды. 

15 қазан күні сағат 04:55 шамасында 102-операторына Береке ықшам ауданында орналасқан пәтердің тұрғыны, көршісі мас күйде тыныштықты бұзғаны туралы хабарлама берген. Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полицейлер 5 қабатқа шығып, жартылай жалаңаш тұрған 1988 ж.т тұрғынды қолынан ұстап жоғарыға көтеріп, құтқарып қалды. 

Өз әрекетін 35 жастағы азамат алкогольдік мас күйде болған себепті жасап, өкінетіндігін жеткізген. Сараптама қорытындысы бойынша мас күйде екендігі анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437- бабымен, яғни түнгі тыныштықты бұзу дерегі бойынша хаттамасы толтырылды. 

Айта кетейік, Атырау облысы аумағында 16-20 қазан күндері аралығында қоғам тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Егер сіз қоғамдық орындарда қылмыс немесе құқық бұзушылық жасау фактілері бойынша куәгер болсаңыз немесе олар бойынша қандай да бір ақпаратты немесе маңызды мәліметтерді білсеңіз 102 нөміріне қоңырау шалуыңызды сұраймыз.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Видео ПД

16 қазан 2023, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.