Атырау, 10 мамыр 00:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Жаңа ықшамауданда жаңа амбулатория ашылды

Сурет
1 171 просмотра

Бүгін, 13 қазанда № 3 қалалық емханаға қарасты «Береке» дәрігерлік амбуляториясы ашылды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Жасұлан БИСЕМБИЕВ пен денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар АБДАЛИЕВ және NCOC компаниясының басқарушы директоры Оливье ЛАЗАР қатысты. 

Жаңа дәрігерлік амбулатория медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бағдарлама аясында салынды. Мұндағы 33 кабинет қажетті заманауи компьютерлік техникамен, интернетпен толық жабдықталған. Барлық санитарлық ережелер мен талаптарға сай салынған. Жаңа амбулаторияда 7 мыңнан астам тұрғын медициналық көмек ала алады. Бір ауысым 80 пациентке арналған. 

- Береке ықшамауданы жаңа мекендердің бірі. Осы жерден дәрігерлік амбуляторияның ашылуы бұл халықтың күнделікті алатын қызмет сапасын арттыру болып табылады. Баршаңызды нысанның ашылуымен құттықтаймын, - деді Ж.Бисембиев. 

Сонымен қатар, амбулаторияда жалпы тәжірибелік дәрігерлердің 5 кабинеті, күндізгі стационар, егу және емдеу мен гинекология, стоматология, дәрігерге дейінгі қарау кабинеті, дені сау балалар бөлмесі, 8 кереуетті күндізгі емхана жұмыс істейді. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді ӨКҚ ұсынды

13 қазан 2023, 15:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.