Атырау, 9 мамыр 23:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

​​Полицейлер Атырау тұрғынынан «синтетика» мен марихуана тәркіледі

962 просмотра
polisia.kz 

Атыраулық полицейлер есірткі және бекіре балығын сақтаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz

23 қыркүйек күні сағат 10:15 шамасында Атырау облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері “Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде 30 жастағы қала тұрғынының мекенжайын тінту кезінде синтетикалық препараттарға ұқсас кристалл тәрізді заты бар 1 полимерлі ZIP-пакет және салмағы 1 келі болатын бекіре балығы тәркіленді. Сонымен қатар қара-жасыл түсті өсімдік тектес заты бар бір газет бумасы және марихуана, пластикалық темекі шегетін бөтелкеге ұқсас зат анықталды. 

Сот-медициналық сараптама бойынша тәркіленген заттар 0.95 грамм болатын мефедрон синтетикалық есірткісі екені белгілі болды, сондай-ақ күдікті 30 жастағы азамат және пәтер ішінде болған 26 жастағы азаматшадан психостимуляторларды қолдану дерегі мен мефедрон метаболиттері және масаң күйде болғандары дәлелденді. Айта кетейік, 1993 жылғы күдікті бұрын сотты болған. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәкес жариялануға жатпайды.

13 қазан 2023, 12:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.