Атырау, 10 мамыр 00:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Құрылысшыларды тонады

1 036 просмотра

24 қыркүйекте Балықшы ықшамауданы А.Байжігітова көшесінде салынып жатқан құрылыс ғимаратынан 500 мың теңге сомадағы техниканы белгісіз адамдардың ұрлағаны жөнінде №1 қалалық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне хабарлама келіп түскен. Жедел іздестіру шаралары барысында 1995 жылы және 2005 жылы туған күдіктілер анықталды.

Күдіктілер өз кінәсын мойындап, ұрланған техниканы сатып, бұл қаражатқа психотроптық препараттарды сатып алмақ болғанын түсіндірді. Сондай-ақ олардың бірінің бұрын сотты болғаны анықталды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі («Ірі көлемдегі ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Атырау облысының полиция департаменті жолдаған сурет

4 қазан 2023, 14:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.