Атырау, 9 мамыр 08:40
 ашықВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Темекі мен майлы тағам жүректі құртады

1 026 просмотра

Жыл басынан бері Атырау облысында скринигтік тексеруден 30-70 жас аралындағы 50 мынан астам адам өтті, соның 2300-ге жуығынан жүрек-қан тамыры аурулары табылып отыр. Бұл туралы облыстық кардиология орталығының дәрігер-кардиологы Айдана ІЗМҰХАНОВА баспасөз брифингінде мәлім етті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазіргі уақыттағы жүрек-қан тамырлары ауруларының эпидемиясы тамақтану құрамының өзгеруіне тікелей байланысты деп отыр. Қоршаған ортаның жағымсыз факторларының 80%-дан астамы адам ағзасына жеген тамағы арқылы әсер етеді. Артық салмақ және семіздік жүрек-қан тамыры ауруларының, қант диабеті және басқа да күрделі аурулардың қауіпті факторы. Сондықтан адамдардың дұрыс тамақтану мәдениетінің де маңызы зор. Жүрек-қан тамыры ауруларының пайда болуына әкеліп соқтыратын тағы бір фактор, ол – темекі шегу. Орта есеппен алғанда темекі шегу адам өмірін 7-10 жылға қысқартады екен. Темекі шекпейтіндерге қарағанда темекі шегетін адамдар миокард инфарктісіне шалдығуы екі есе көп, ал осы аурудан қайтыс болатындар саны темекі шегетіндер арасында шекпейтіндермен салыстырғанда 4 есеге артық болып отыр, - деді А.Ізмұханова. - Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын-алу үшін бірнеше маңызды нәрселерді есте сақтау керек. Ең алдымен темекіден толықтай бас тарту және тиімді тамақтану ережесін сақтау қажет. Сонымен қатар майлы тамақтан бас тартып, тұзды пайдалану мөлшерін тәулігіне 4 граммға азайтқан жөн.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

28 қыркүйек 2023, 08:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.