Атырау, 9 мамыр 09:59
 ашықВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Атырау паразиттік және жұқпалы аурулар бойынша көш басында

1 213 просмотра

Атырау облысы паразиттік және жұқпалы аурулар бойынша жалпы республикалық рекордты жаңартты.

Ұлттық статистика бюросы 2023 жылдың 7 айындағы жекелеген жұқпалы аурулардың өңірлер бойынша және жалпы Қазақстан бойынша сырқаттану деңгейі туралы мәліметтерді жариялады.

Сонымен, Атырау облысы тұрғындарының сырқаттану деңгейі эпидемиялық паротит, COVID-19, тұмау, тыныс алу органдарының туберкулезі, педикулез және жоғарғы тыныс алу жолдарының жіті инфекциялары бойынша жалпы республикалық көрсеткіштен жоғары.

Бұл ретте Атырау облысы қызылша ауруы бойынша көш басындағы 3 өңірдің қатарында. Астана 100 000 тұрғынға шаққанда 137,57 ауру жағдайымен бірінші орында. Екінші орында Жамбыл облысы – 57,01 жағдай/100 000 және біз үшінші орындамыз – 100 000 тұрғынға шаққанда 54,88 ауру жағдайы.

Көрсетілген мерзімде Атырау облысында менингококк инфекциясының бірде-бір жағдайы тіркелмегені қуантады.

Жомарт ӘМІРХАНОВ

5 қыркүйек 2023, 14:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.