Атырау, 9 мамыр 22:40
 ашықВ Атырау +7
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Үкіметтегі ауыс-түйіс

1 110 просмотра

Бүгін Үкіметтегі кадрлық ауыс-түйіс жалғасты.

Бұл ретте «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға сәйкес Үкімет мүшелері лауазымдарына тағайындау үшін Президентке ұсынылған кандидаттар бойынша Мәжілістің профильді комитеттерімен консультациялар өткізілуде. Бұл ретте ұсынылған кандидаттардың барлығын депутаттар мақұлдады.

Сауда және интеграция министрі қызметінен босатылған Серік Жұманғарин мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылған Тамара Дүйсенова Премьер-Министрдің орынбасарлары болды.

Марат Ахметжановтың орнына келген Ержан Сәденов Ішкі істер министрі болды.

Жаңадан құрылған Көлік министрлігіне бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев басшы болды.

Президент Әкімшілігіндегі орнынан кеткен Аида Балаева Мәдениет және ақпарат министрі қызметіне тағайындалды.

Осы ведомствоның бұрынғы вице-министрі Арман Шаққалиев Сауда және интеграция министрі болды.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Туризм және спорт министрі лауазымына жайғасты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне бұған дейін вице-министр қызметін атқарған, таяуда ғана Президент

жанындағы әлеуметтік осал топтардың құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарған Светлана Жақыпова басшы болды.

Жалпы, Министрлер кабинетінің жұмысын жақсырақ үйлестіру үшін вице-премьерлер министрлік міндеттерінен босатылды деуге болады. Үкіметтің ақпараттық блогы нығайды, жұмысында өзін жақсы жағынан көрсеткен вице-министрлер әдетте министр болады.

Жомарт ӘМІРХАНОВ

2 қыркүйек 2023, 16:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.