Атырау, 25 сәуір 13:01
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Көктемгі балық аулау маусымы ұзартылды

3 197 просмотра

Үстіміздегі жылдың 15 сәуірінде үкіметтің «ҚР үкіметінің 2012 жылғы 7 наурыздағы №303 «Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қолдануға шектеулер қою және тыйым салу туралы» қаулысына өзгертулер енгізу туралы» қаулысы шықты.

2012 жылғы қаулыға сәйкес балық аулау кооперативтеріне Жайық өзеніне мұз кеткен күннен бастап 24 сәуірге дейін, ал күзде 16 тамыздан мұз тұрғанға дейін, Қиғаш өзеніне мұз кеткен күннен бастап 30 сәуірге дейін ау салуға рұқсат етілген болатын. Сондай-ақ «балық демалысы» күндері - көктемде ау тартылған әр бес күннен кейін үш тыйым салынған күн, күзде екі тыйым күні белгіленді.

Бұған балықшылар наразы болған. Мысалы, өткен жылы маусым небары 15 күнге созылды. Сол себепті былтырғы жылы бірде-бір кооператив балық аулау лимитін орындамаған еді.

Қазіргі өзгерістерге байланысты көктемгі балық аулау маусымы Жайықта 11 мамырға, Қиғашта 25 мамырға дейін ұзартылды:

Бұл шешімге «Ракуша» ӨК директоры Сырлыбай ҚОЖАМҰРАТ өз ризашылығын білдірді. Оның кооперативі былтырғы көктемде лимитті небары 35%-ға орындаған еді.

- Биылғы көктемнің басы суық болды, сондықтан да балық болмады. Яғни, балық уылдырық шашуға кешірек, күн жылынған соң шығады. Сондықтан да маусым мерзімін ұзарту дұрыс шешім болды, - дейді С. Қожамұрат.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

30 сәуір 2013, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.