Атырау, 9 мамыр 07:28
 ашықВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Сиыр қағып, жүк көлігіне соқтығысқан жүргізуші қайтыс болды

Бейнежазба
1 427 просмотра

24 тамызда сағат 22:10 шамасында Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 430-шақырымы тұсында Toyota Camry көлігі жол бойын қиып өтіп бара жатқан сиырды қағып кетті. Соққы екпінімен қарсы жолаққа шығып, Mercedes жүк көлігімен тағы соқтығысты.

Атырау облыстық полиция депараментінің ақпараты бойынша, Toyota Camry көлігінің 1988 ж.т. жүргізушісі алған дене жарақаты салдарынан оқиға орнында қаза тауып, екі жолаушысы әр түрлі дене жарақатын алды.

- 1996 жылы туған әйел мен 1994 жылы туған ер адам ауруханаға жатқызылды, екеуінің де жағдайы орташа ауыр, - дейді Мақат аудандық ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Рысгүл АЙСЕКЕНОВА. - Атыраудан санавиациямен дәрігерлер келіп, бірге ота жасадық. Науқастар қазір Мақатта.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ПД жолдаған бейнежазба

25 тамыз 2023, 15:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.