Атырау, 9 мамыр 21:01
 ашықВ Атырау +7
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Доссор трассасында болған жол апатынан 7 адам қаза тапты

Сурет Бейнежазба
1 492 просмотра

16 шілдеде сағат 15:00 шамасында Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 82-шақырымы тұсында кісі өлімімен аяқталған жол апаты болды. Chevrolet Cobalt автокөлігі Toyota Ipsum автокөлігіне соқтығысып, салдарынан Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы, Toyota Ipsum көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, 2 жолаушысы түрлі дене жарақатымен Жылыой аудандық ауруханасына жеткізілді.

Атырау облысы полиция департаментінің патрульдік ротасының командирі Әділбек Шахметовтің айтуынша, аталған екі көліктің жүргізушілері бұрын бірнеше рет көлік жылдамдығын шамадан тыс арттырғаны үшін жауапкершілікке тартылғаны анықталған. Нәтижесі осылай аяқталды. 

Айнұр САПАРОВА 

Әлеуметтік желіден алынған және ПД жолдаған суреттер мен бейнежазба

16 шілде 2023, 21:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.