Атырау, 10 мамыр 00:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

22 тұлға ақталды – мұның өзі жақсы көрсеткіш

1 190 просмотра

Атырауда соттардың 2022 жылғы жұмысы қорытындыланды.

Кеңес барысында сот алқаларының төрағалары және Соттар әкімшісі басшысының баяндамалары тыңдалды. Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Тәтті УӘЛИЕВА аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін сотталған тұлғалар санының азайғанын, ең бастысы - ақтау үкімдерінің артқанын атап өтті.

Өткен жылы облыс соттары 1 273 тұлғаға қатысты 1 085 іс қарады, оның ішінде 22 тұлға ақталды.

Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мәтен ЕРҒАЗИЕВ татуластыру рәсімдерін қолданумен аяқталған істер санының артқанын атап өтті.

Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Гүлжан ЖҰМАҒАЛИЕВА соттардың инфрақұрылымдық және материалдық қамтамасыз етілуі туралы ақпарат берді. Президент Сот әкімшілігі туралы ережені бекіткенін айтып өтті. Соттардың тәуелсіздігін нығайту және азаматтардың сенімін арттыру мақсатында Жоғарғы Соттың Департаменті жаңа орталық мемлекеттік органға айналды.

Кеңестің жұмысын облыстық сот төрағасы Бауыржан ЖҰМАҒҰЛОВ қорытындылады:

- Жоғарғы Сот Төрағасы бізден үлкен күш-жігерді талап ететін бірқатар міндеттерді алға қойды. Біздің сот жүйесі мен сот төрелігін жүзеге асыру процесі сенім тудырып, жоғары стандарттарға сай болуы қажет.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

1 ақпан 2023, 12:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.