Атырау, 9 мамыр 20:05
 ашықВ Атырау +7
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерді алу жеңілдетілді

1 339 просмотра

Ол үшін азаматтар SMS -хабарламаға «иә» деп жауап жазса жеткілікті. Бұл туралы  облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат МӘМБЕТОВ мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Проактивті форматта азаматтар мемлекеттік қолдауларды уақытылы алу үшін ұялы телефон нөмірлері өз аттарына рәсімделуі қажет. Сонымен қатар, мамандар SMS-хабарламалар келген жағдайда 3 күнтізбелік күннің ішінде уақытылы жауап беру қажеттігін ескертеді. 

- Өткен жылдың қыркүйегінде іске қосылған «Отбасының Цифрлық картасы» пилоттық жобасының тиімділігі осы. Мысалы, бала туған кезде ата-анаға бала тууына байланысты жәрдемақы алу мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама келіп түседі. SMS-ті алған азамат келісіммен «иә» деп жауап жазған соң, жүйеде ақпарат толық тексеріліп, оған жәрдемақы тағайындалады. Яғни, ешкім құжат тапсырып жүрмейді. Сол сияқты өзге де әлеуметтік төлемдерді алуға, соның ішінде атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқылы азаматтарға да осылай SMS жіберіледі,- деді А.Мәмбетов. 

Ал келген SMS -хабарламаларға түсінбеген немесе күмәнданған жағдайларда, жергілікті жердегі қалалық, аудандық Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдеріне хабарласып, кеңес алуға болады. 

Айта кетейік, биыл «Отбасының Цифрлық картасы» аясында 32 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

23 қаңтар 2023, 12:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.