Атырау, 3 мамыр 13:23
 ашықВ Атырау +15
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

PR күзгі мектебі медиа және ақпараттық сауатты арттыруға арналды

853 просмотра

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетінде жаһандық медиа және ақпараттық сауат апталығы аясында PR Күзгі мектебі ашылды. Мектепті журналистика факультетінің деканы Нұржан Қуантаев ашты.

Шара модераторы, ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының меңгерушісі Назгүл Шыңғысова БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гуттериштің баяндамасында айтылған бүтін қоғамның мүддесін көздейтін әлеуметтік ынтымақтастықтың, сенімділікті нығайтудың маңыздылығына тоқтала келіп, қоғамның мәдени, технологиялық, білім беру және демократиялық дамуындағы медисауаттыңрөлін ерекше атады. Әлемдік қоғамдастық ерекше көңіл бөліп отырған мәселеге кафедраның да үн қосып,  аталмыш шараны өткізіп отырғандығын тілге тиек етті.

Күзгі мектеп қонақтары, ЮНЕСКО Кластерлік бюросының коммуникация және ақпарат бөлімінің маманы Сергей Карпов, Миддл Теннеси мемлекеттік университетінің (АҚШ) профессоры Зени Сарабиа-Панол, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің кафедра меңгерушісі Мукашева Мәншүк Күзгі мектептің маңыздылығын атап, ақпараттық және медиасауат саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының әсіресе жастарға қажет екендігіне жете тоқталды. Күзгі мектепке әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, AlmaU (Алматы менеджмент) университетінің, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессор-оқытушылары мен студенттері, ҚазҰУ бейіндік мектебінің оқушылары т.б. қатысты. Алғашқы дәрісті «PR-шы» клубының вице-президенті, «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ-ның PR менеджері Айбар Олжай бастады. Қызықты, танымдық ақпарат пен кәсіби біліктілік аудиторияны баурап алды. Журналист қауіпсіздігі қазіргі таңдағы өзекті мәселе болса, осы тақырыпты қаузаған білікті маман, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының сарапшысы Ғалия Әженованың дәрісі арқылы студенттер көп нәрсеге қанықты. 

- Қазақстан өкілі, педагог, медиасыншы Бэлла Орынбетова подкаст жанрын жан-жақты талдап, аудиторияға практикалық мол мәліметтер берді. Продюсер, тележүргізуші Анна Данченко өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жастарға қызмет барысында кездескен көптеген қызық жайттарды әңгімелей отырып, телевидениенің қыр-сырына қанықтырды. «Сектор X» радиосының директоры Сәуле Алпысова радиожурналиске тән шеберліктің әдіс-тәсілдерін әңгімелесе, вебредактор Алма Кенжебекованың дәрісі де ерекшелігімен аудиторияны баурап алды. 

«Medianet»Халықаралық журналистика Орталығының өкілі, журналист-фактчекер, медиа-тренер Жансерiк Тілеухан ақпарат қауіпсіздігіне тоқталып, жалған ақпаратты анықтап, тексеру, нақты дереккөздерін білу, фактілермен жұмыс істеу әдіс-тәсілдері туралы тәжірибесімен бөлісті.  Білікті мамандардың ұтымды кейстері аудиторияға қызықты болды.Таргетолог маман ҒарифРайымбектің таргетинг құпиялары туралы танымы мен тағылымы мол шеберлік сағаты Күзгі мектептің алғашқы күніне нүкте қойды. Күзгі медиамектеп дәрістері онлайн режимде жалғасуда.

Айсұлу Алкожаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің  журналистика факультеті

17 қараша 2022, 13:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.