Атырау, 2 мамыр 15:28
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Түнгі иістер: Атырау мұнай өңдеу зауыты жауапкершілікке тартылады

1 500 просмотра

31 тамыздан 1 қыркүйекке қараған түні Атырау қаласының ауасында жағымсыз иістің пайда болуы себепті Атырау облысы бойынша экология департаменті ауа сапасын бақылау станцияларының мәліметтеріне талдау жүргізді, деп хабарлайды Экология министрлігінің баспасөз қызметі.

Жоғарыда көрсетілген уақытта қаланың атмосфералық ауасында рұқсат етілген шекті шоғырланудан (ПДК) күкіртсутегі көрсеткішінің бірнеше есе өсу дерегі анықталды.

№109 «Восток» станциясында 5,3 есе, №103 «Шағала» станциясында 5 есе, №112 «Акимат» станциясында 3,2 есе, №114 «Загородная» станциясында 3,9 есе және №108 «ТКА» станциясында 9,23 есе өсу орын алған.

"Талдау көрсеткендей, сол мезгілде желдің бағыты оңтүстік-шығыс, жылдымдығы 4 м/с, ылғалдылық 760, ауа температурасы 320С құрағаны және бұл бағытта «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің объектілері орналасқаны белгілі болды".

Осыған байланысты Департамент «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС қатысты жоспардан тыс тексеріс жүргізуде, оның нәтижесі бойынша анықталған экологиялық бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданады.

Бұдан бөлек, жоғарыда көрсетілген гигиеналық нормативтерді бұзушылық дерегі бойынша «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-ін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне құжаттар жолданды" делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қала тұрғындары бас ауруына, әлсіздікке, жүрек айнуына шағымданған болатын. Осыған байланысты облыстық экология департаменті Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспардан тыс тексеруді бастады.

2 қыркүйек 2022, 16:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.