Атырау, 9 мамыр 12:32
 ашықВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Таубаевтың апелляциясы бойынша сот отырысы тағы кейінге қалды

1 426 просмотра

Облыстық сот 10 жылға сотталған Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВТЫҢ апелляциялық шағымын қарауды тағы кейінге қалдырды. Оған Таубаевтың үш бірдей адвокаты – Нұрлан ЖОЛБОЛОВ, Игорь ВРАНЧЕВ және Нұртас АМАНБАЕВТЫҢ келмеуі себеп.

Еске салайық, өткен жолы дәл осындай себеппен кездесу бүгін, 27 тамызға белгіленген болатын. Судья хатшысы Вранчевтің ұялы телефон нөмірі желінің қамту аймағынан тыс екенін, Жолболовтың телефон тұтқасын көтермегенін, Аманбаевтың желі нашар жерде екенін хабарлады. Адвокаттардың қатыспауына байланысты сот алқасы отырысты жабық деп жариялап, келесі отырысын 31 тамызға белгіледі.

Айнұр САПАРОВА 

27 тамыз 2022, 19:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.