Атырау, 9 мамыр 19:27
 ашықВ Атырау +7
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Біз екінші рет қайталамаймыз

3 075 просмотра

Наурыздың 8-і мен 11-і аралығында Атырауда Астана қаласының көңілді тапқырлар театрының «Базар жоқ» концерті өтті. Біз кезекті концерттің алдында театрдың директоры, белгілі шоумен Тұрсынбек ҚАБАТОВҚА (суретте) бірнеше сауал қойған едік.

- Тұрсынбек, Атырау жұртшылығы сіздерді қалай қабылдады?

- Мен Атырау жұртшылығына дән ризамын. Өйткені келген сайын концертімізге көп жиналады.

- Театр құрамы өзгерді ме? 

- Театрдың ашылғанына 3 жылдай уақыт өтті, сол бір құраммен жұмыс істеп жатырмыз. Біздің жігіттер жеке өнер көрсететін болғаннан кейін, 18 актердің бәрін бірдей бір концертте сахнаға шығару мүмкін болмайды. Футбол ойынындағы секілді, кейбіреулері «запаста» отырады. Келесі концертте басқа әртістер өнер көрсетіп, бірін-бірі ауыстырып отырады.

- Сіздерде әзіл-қалжың сценарийін кім жазады?

- Бізде әр актер өзіне сценарийді өзі ойлап табады. Біздің әзілдеріміз шынайы өмірден алынған.  Шынымды айтсам, саясатқа көп мұрнымды сұққым келмейді. Қазір халықтың көзі ашық, көкірегі ояу, бәрін біліп отырады, бәрінен құлағдар, сондықтан концертке келген көрермен екі сағат бойына ештеңені уайымдамай, тек күліп отырса деген деген мақсатты ұстанамыз.

- Көрерменді жалықтырып алмау үшін не істейсіздер?

- Біз Атырауға жаңа концерттік бағдарламамен келдік. Себебі әзілдің өзі сондай дүние, екінші рет ол осыншама күлкілі болмауы мүмкін. Біз тіпті 1-2 адам сұрады екен деп бұрынғы әзілдерімізді қайталай бермейміз. Залда отырған қалған 700 адамның көңілін де ескеру керек.

- Сіздің әзілдеріңіздің біреулерге жақпай жататындары бола ма?

- Әрине, болады. Бірақ, бәріне жағу мүмкін емес қой.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суреттерді түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

14 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.