Атырау, 5 мамыр 04:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Жаңаөзен тұрғындары қала әкімдігінің алдында ереуіл өткізді

Бейнежазба
1 094 просмотра

Жүзден астам адам Жаңаөзендегі әкімшілік ғимаратының алдында ереуілге шықты, деп хабарлайды lada.kz.

Әкімдікке жиналғандардың айтуынша, ереуілге Жаңаөзен қаласының қарапайым тұрғындары да, «БатысГеофизСервис»ЖШС-нің бұрынғы қызметкерлері де шықты.

Қала тұрғындарының айтуынша, адамдар жұмыссыздықтан зардап шегуде. Жергілікті билік, олар айтқандай, осы жылдың қаңтарынан бастап ештеңе жасамады. Бұған дейін ереуілге шыққан «БатысГеофизСервис» ЖШС қызметкерлері жұмыстан босатылды. Олар үмітсіздіктен отбасыларымен ереуілге шықты, өйткені олар дымсыз қалды.

Ереуілге шыққандарға әкімшілік өкілдері мен полиция қызметкерлері шықты. Олар аумақты босатуды талап етті. Адамдар шенеуніктерден өз мәселелерін шешуге уәде алған жоқ.

– Біз білмейміз, бұл қаншаға созылады. Барлығы біздің мәселемізді шешкенше соңына дейін тұруға ниетті, – дейді ереуілшілер. Жаңаөзендіктер Президентке бейнеөтініш жолдады.

Облыс әкімдігінде түсініктеме беруге уәде берді.

15 маусым 2022, 11:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.