Атырау, 5 мамыр 01:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Қазақстан сенсациялық жеңісін тағы бір мәрте қайталады

1 032 просмотра
Сурет: Instagram/kff_team

"Астана Аренада" Ұлттар Лигасы аясында С3 кіші тобының матчы өтті. Словакия командасын қабылдаған Қазақстан құрамасы сенсациялық түрде 2:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасы екі гол соғып, алғашқы таймды өте жақсы өткерді. 18-ші минутта словактар қақпасына Ян Вороговский гол соқса, 39-шы минутта Елхан Астанов өз жанкүйерлерін қуантты.

Жекпе-жектің екінші жартысы алаң иелерінің қақпасына жасалған шабуылмен басталды. Словактардың жойқын шабуылының бірінде гол соғылды. Есепті Словакия құрамасының жартылай қорғаушысы Матуш Беро қысқартты. Қонақтар көп ұзамай таблодағы нәтижені теңестіріп кете жаздады, абырой болғанда, қазақстандық қақпашы Игорь Шацкийдің батыл әрі сенімді іс-қимылы словактардың гол соғуына мүмкіндік бермеді. Есеп - 2: 1.

Осылайша Қазақстан құрамасы төрт ойын барысында 10 ұпай жинап, С дивизионының үшінші тобында көш бастап келеді.

Қазақстан мен Словакия құрамаларының топтағы алғашқы матчы 6 маусымда өтті. Сырттағы ойында қазақстандықтар сенсациялық түрде жеңіске жетті. Есеп — 1:0.

Қазақстан футболшылары Ұлттар Лигасы аясындағы келесі ойынын 22 қыркүйекте Беларусь құрамасына қарсы өткізеді.


14 маусым 2022, 09:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.