Атырау, 5 мамыр 02:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Жаңа облыстардың тұрғындарына қайта тіркеуден өту қажет пе?

997 просмотра

Жаңа өңірлер – Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарының тұрғындарына қайта тіркеуден өту қажет емес. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер жаңа облыстардың тұрғындары мен заңды тұлғалар қайта тіркеуден өтуі керек пе деп сұрады.

"Қайта тіркеуден өтудің қажеті жоқ", - деп қысқа қайырды Қуантыров.

Министрдің орынбасары Бауыржан Омарбеков құжатты жоғалтқан немесе жаңартқан кезде, сондай-ақ басқа жерге қоныс аударғанда жаңа мекенжай жазылатынын атап өтті.

"Ал қазір ұстап жүрген құжаттар жарамды, қайта тіркеуден өтудің қажеті жоқ", - деп толықтырды вице-министр.

13 маусым 2022, 18:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.