Атырау, 2 мамыр 17:13
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Атыраудың ауасын тағы кім бұзды?

1 594 просмотра

26 сәуірде таңертеңнен бастап Атырауда аммиак иісі айқын сезіліп тұрды. Экологтар жағымсыз иістің көзі Сасықсай булану алаңы немесе «АМӨЗ» ЖШС болуы мүмкін деп күдіктенеді. 

- Бүгін оңтүстік-шығыстан жел соғып тұр. Ол жақта булану алқаптары, сәл оңға қарай зауыт орналасқан, – дейді облыстық экология басқармасы басшысының орынбасары Сырым ТІЛЕГЕНОВ.

Еске салсақ, Сасықсай - бұл қаланың сол жағалауынан кәріз және өнеркәсіп қалдықтары төгілетін булану алаңы. Аумақтың 476 гектары әкімдікке, 860 гектары Атырау мұнай өңдеу зауытына тиесілі.

Қазіргі уақытта Сасықсайды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Түбін тазарту жұмыстары жүргізілгенде осындай иіс шығады. Ыстық басталған кезде иісі одан сайын күшейеді. Бұдан басқа, қала бойынша ауа сынамасын алдық, сәл оңға қарай АМӨЗ орналасқан, сол жерде жоспардан тыс тексеру жүргізгіміз келеді, – деді С.Тілегенов. 

Еске салсақ, Атыраудың сол жағалауындағы 1336 га Сасықсай булану алаңын қалпына келтіру жұмыстары 2021 жылдың сәуір айында басталып, аумақ екі бөлікке бөлінген болатын. Қала әкімдігі балансындағы 476 гектар аумақты қалпына келтіру жұмыстарының жалпы құны - 1,1 миллиард теңге. 2021 жылға республикалық бюджеттен 300 миллион теңге бөлініп, қыркүйек айында жұмыстар басталды. Бұл жұмыстар 2023 жылдың қарашасында аяқталады деп жоспарланған. 

Екінші учаске бойынша: «АМӨЗ» ЖШС-іне тиесілі 860 га жерді қалпына келтіру жұмыстары өткен жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК-мен бірге TAZALYQ жобасы аясында басталды. Жұмыстың жалпы құны 5,5 млрд теңге болды. Қалпына келтірілетін аумақ төрт секторға бөлінген. Алғашқы екі учаске бойынша жұмыстар осы жылдың тамыз айында, ал қалған екі учаске бойынша 2023 жылдың қарашасында аяқталады. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

26 сәуір 2022, 13:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.