Атырау, 4 мамыр 19:49
 ашықВ Атырау +7
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы сәуірде іске қосылуы мүмкін

1 659 просмотра

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесе отырып, «Жасыл Даму» АҚ қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы азаматтарының жеңілдетілген несиеге жеңіл автокөліктер сатып алуы, сондай-ақ автобустар паркін жаңарту бағдарламасын әзірлеп жатыр деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. 

"Жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы шамамен 100 млрд теңгені және Қазақстан аймақтарында автобустарды жаңартуға шамамен 30 млрд теңгені құрайды.

Отандық өндірілген техниканы сатып алу шарттары, сондай-ақ қаржыландыру тәртібі мемлекеттік органдарда келісу рәсімдерінен өту сатысында. Сәуір айының соңына дейін барлық рәсімдерді аяқтау жоспарлануда. Мәселен, халық үшін сатып алу шарттары 0 %-дан бастап бастапқы жарна, несие мерзімі 7 жылға дейін, сатып алушы үшін 1 бірлік автокөлік үшін несиенің максималды сомасы 10 000 000 теңгеден аспайды", - делінген хабарламада.

17 наурыз 2022, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.