Атырау, 4 мамыр 21:28
 ашықВ Атырау +7
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Қазақстандағы зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері қанша

1 252 просмотра

2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 105 538 теңге болды. Елімізде зейнеткерлер саны 2 млн 246 мыңнан асты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, жыл басынан бері қазақстандықтарға 470,1 млрд теңгеден астам сома зейнетақы төленген.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, 2022 жылғы ақпанда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 235,4 млрд теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 71,6 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 163,8 млрд теңге бөлінді.

2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша еліміздегі зейнеткерлер саны 2 млн 246 мыңнан астам адам болды.

16 наурыз 2022, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.