Атырау, 3 мамыр 14:22
 ашықВ Атырау +15
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Алматыда әйел үш баласымен 9-қабаттан неге секіргені айтылды

2 165 просмотра

Алматы полициясы үш баласымен 9-қабаттан секіріп кеткен әйел неге мұндай әрекетке барғанын атады. Полиция мәліметінше, әйелдің өз-өзіне қол жұмсауына тұрмыстық негіздегі жанжал себеп болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаменті мәліметінше, оқиға 22 қарашада түс ауа "Жетісу" ықшамауданында болған.

"Тергеудің осы кезеңінде 9-қабаттан үш баласымен секіріп кеткен әйел неге мұндай әрекетке барғаны анықталды. Отбасылық-тұрмыстық қатынас негізінде жұбайымен жанжал болған. Ол өз-өзіне қол жұмсау туралы хат қалдырған", - делінген полиция хабарламасында.

Айта кетейік, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабына сәйкес тергеліп жатыр. Тергеу-жедел тобы құрылған.

Бұған дейін Алматыда әйел кішкентай үш баласымен 9-қабаттан секіріп кеткені хабарланған болатын. Оқиға орнында әйел мен екі бала қаза тапты. Жедел жәрдем көлігінде тағы бір бала қайтыс болды. Кейін куәгерлер оқиға қалай болғанын айтып берді.


22 қараша 2021, 16:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.