Атырау, 20 мамыр 21:50
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Сағызда ұлттық ойын кабинеті ашылды

Сурет
456 просмотра

Қазақтың ұлттық ойындарын келешек ұрпаққа насихаттауға арналған арнайы кабинет Қызылқоға аудандық білім бөліміне қарасты Сағыз орта мектебінде ашылды.

Кабинетте қазақтың ”Бес тас”, “Тымақ ұру”, “Қамшылау”, “Ақсүйек”, “Асық ату”, “Садақ ату”, "Көкпар” “Ләңгі тебу” ойындарына қажетті құралдар қойылған. Және арнайы дидактикалық материалдар мен әдістемелік бұрыш жасақталған.

Айта кету керек, Ұлттық ойын кабинетін мектептің алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері бастама көтеріп, өз күштерімен ашқан.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 

Суреттерді Атырау облысы білім беру басқармасының баспасөз қызметі ұсынды

3 мамыр, 12:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.