Атырау, 7 мамыр 04:58
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Ауданда бірде-бір анестезиолог жоқ

Сурет Бейнежазба
1 617 просмотра

Облыстан шалғай жатқан Қызылқоға ауданында дәрігерлер жетіспейді. Мысалы, анестезиолог маманның жоқтығынан қарапайым соқырішек отасы жасалатын науқастар 350 шақырымдағы Атырау қаласына «жөнелтіледі». 

Бұдан басқа, анестезиологтан бөлек лор, педиатр, неанотолог жоқ. Маман дәрігерлердің жетіспеуінен жергілікті халық емделу үшін облыс орталығына баруға мәжбүр.

Аудандық аурухана әкімшілігі мамандардың табиғаты қатал, шалғай жатқан аудан орталығына жұмыс жасауға құлықсыздық танытатынына қынжылыс білдіреді.

- Анестезиолог бар, оның негізгі жұмысы - Теңіз вахталық қалашығында. Ол вахтаға кеткенде, маман іздеп сабылып кетеміз. Жуырда аяғы ауыр келіншекке шұғыл ота жасау керек болды, анестезиологты Индер ауданынан алдырттық. Сәтіне қарай, ана мен бала аман қалды. Негізі ота жасалатын, соқырішекке дейін науқастардың басым көпшілігін Атырауға жібереміз, - дейді бас дәрігердің орынбасары Мәдина ҚАНАТҚАЛИЕВА (суретте).

Жыл басынан бері 70 науқас облыс орталығына автокөлікпен және әуе көлігімен жеткізілген. «Авиақұтқару» қызметі мемлекет есебінен шамамен бір миллион теңге төңірегінде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

8 қазан 2021, 12:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.