Атырау, 25 қараша 16:21
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Көшеге күйшінің есімін берсек

2 753 просмотра

- Біз тұратын Коттеджное көшесін атақты күйші Қаршыға Ахмедьяровтың атымен өзгертсе бола ма? Ол үшін қандай құжаттар жиналуы керек?

Телефон арқылы

 Сұраққа қала әкімінің орынбасары Айжан ҚАРАБАЕВА жауап берді: 

- 2011 жылдың 12 мамырында Атырау қалалық Мәслихатының № 278 шешімімен Атырау қаласындағы Усть-Каменогорская көшесі күйші Қаршыға Ахмедьяров көшесі болып өзгертілді.

Сонымен қатар, соңғы жылдары еліміздің өңірлерінде белгілі нысандарды, елді мекендерді, көшелерді қайта атау кезінде бірқатар олқылықтардың орын алуына байланысты республикада ономастикалық жұмыстарды жүргізуге Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, уақытша мораторий жарияланды. Ал көшеге ат беруде, атын өзгертуде талап етілетін құжаттар мыналар: атау беру, атын өзгерту жөніндегі ұсыныс түсірген жекелеген заңды тұлғалардың ұсыныс хаты; ұсынысты қолдаған немесе өздері ұсыныс жасаған көше тұрғындарының хаттамасы; тұлғаның өмірбаяны; қайтыс болғаны туралы куәлік көшірмесі; марапаттау құжаттарының көшірмелері; ұсыныс етіліп отырған тұлғаның еңбек кітапшасының көшірмесі (ол болмаған жағдайда қызметін, еңбегін дәлелдейтін басқа құжаттар); осы құжаттардың барлығы жинақталған файлды папка; 1 дана сурет; егер мәселе қайта атау туралы болса, бұрынғы атауының мәнін жойғандығын және ұсынылып отырған жаңа атаудың өзектілігін, берілудегі маңызын дәлелдейтін тарихи негіздеме.

Облыстық ономастика және көрнекі ақпаратқа бақылау жасау бөлімінің бастығы Жеміс ДИЯШОВАНЫҢ мәлімдеуінше, көше атауы тұлғаның өмірден өткеніне 5 жыл болған соң беріледі. Сондай-ақ, тұлғаның атындағы көше облыс көлемінде 2 рет, республика көлемінде 3 рет қайталанбау керек.

7 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.