Атырау, 5 мамыр 00:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

​Ыстамбұлда қазақстандық қыз күзетшінің саусағын тістеп алған

1 932 просмотра
Бейнежазбадан алынған кадр

Түркияның ойын-сауық мекемелерінің бірінде қазақстандық қыздардың қатысуымен жанжал болды, деп хабарлайды zakon.kz Түркияның Milliyet басылымына сілтеме жасап.

Басылымда атап өткендей, Қазақстаннан үш қыз түнгі клубқа демалуға барған, бірақ ақырында барлығы полициядан бір-ақ шыққан.

Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, қыздар өздерін дөрекі ұстап, шу шығарған. Сонымен қатар, олар клубтан шығуды сұраған талапты елемеген.

Күзетшілер оларды күштеп алып шықпақ болғанда қыздардың бірі түрік азаматының саусағын тістеп алған, делінген хабарламада.

Мекеме қызметкерлері полиция шақырды, қазақстандық қыздарды ақыры полиция әкеткен.

Ұсталғандардың айтуынша, оқиғаның мән-жайы мүлдем басқалай болған.

Ер адамдар қырындап, қыздардан телефон нөмірлерін сұраған. Одан бас тартқан кезде, ер адамдар қыздардың бірін соққыға жыққан. Осылайша төбелес басталған, сол кезде қыздың бірі күзетшінің саусағын тістеген.

Қазір тергеу істің мән-жайы шынымен де қалай болғанын анықтап жатыр.

16 шілде 2021, 18:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.