Атырау, 4 мамыр 11:22
 ашықВ Атырау +15
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Оралда фитнес-залы мен үй кинотеатры бар мәйітхана салынады

2 127 просмотра

Оралда жаңа патологоанатомиялық бюро салынады. Құрылыс-монтаж жұмыстарының жалпы құны 1,2 миллиард теңгеге бағаланған. Жаңа ғимаратта фитнес-залы мен психологиялық көмек бөлмесін үй кинотеатрымен жабдықтау жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Құрылыс басқармасының мәліметі бойынша, бюро жалпы ауданы 3,5 мың шаршы метрден асатын екі қабатты ғимаратта орналасады. Мәйітхана зертхана, әкімшілік корпус, қазақ тілі кабинеті және үй кинотеатры бар психологиялық жеңілдету бөлмесімен жабдықталады.

"Жобаның жалпы құны - 1,2 миллиард теңге. Жобалық-сметалық құжаттама 2017 жылы әзірленді. Құрылыс мердігері - "Альтаир" ЖШС. Бірақ ақша әлі бөлінген жоқ. Патологоанатомиялық бюроның ескі ғимараты стандарттарға сәйкес келмейді. Ауданы 33 шаршы метр болатын фитнес-залы қызметкерлерге арналған. Құны 90 мың теңгеге дейінгі дыбыс ұлғайтқыштары бар қарапайым үй кинотеатры орнатылады", - деді БҚО құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Нұркен Молдашев.

Қазіргі уақытта патологоанатомиялық бюро облыстық көпбейінді аурухана аумағында жұмыс істейді. Ғимарат 1967 жылы салынған.

"Бюро облыстық ауруханаға қызмет көрсетуге арналған, онда 400 төсек-орын бар. Қазір 15 стационарға қызмет көрсетеміз, оларда 3270 төсек-орын бар. Ғимарат 100 пайызға тозған. Гистологиялық зертхана, химиялық реагенттерді сақтауға арналған қойма, тұрмыстық техникаға арналған бөлме жоқ. Қызметкерлер пандемия кезіндегі жұмыс барысында күйзеліске ұшырайды. Онда психологиялық дем алу бөлмесі жоқ", - деді Облыстық патологоанатомиялық бюро директорының міндетін атқарушы Наталья Шапошникова.

15 шілде 2021, 17:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.