Атырау, 18 мамыр 10:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстанда жалған техникалық тексеру үшін айыппұлды 100 АЕК-ке дейін ұлғайту жоспары бар

237 просмотра

Аталған Заң жобасы шеңберінде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30 айлық есептік көрсеткіштен 100 АЕК-ке дейін ұлғайту бөлігінде өзгерістер көзделген, деп хабарлайды ҚР көлік министрлігінің баспасөз қызметі. 

Көлікті жалған техникалық тексеруден өткізудің салдары ақаулары бар көлік құралдарының жол қозғалысына жіберілуіне мүмкіндік беріп, кейін бұл жол-көлік оқиғаларына, оның ішінде соңы өлімге ұласатын оқыс оқиғалар деңгейінің өсуіне әкеп соғады.

Мамандардың айтуынша, салынатын айыппұл көлемі жасалған құқық бұзушылықтарға пропорционалды болуы тиіс және бұзушылықтардың одан әрі жасалуының алдын алуы керек.

Құқық бұзушылық әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалса, техникалық тексеруден өткізетін оператор қызмет көрсету құқығынан 3 жылға дейінгі мерзімге айырылады.

Сондай-ақ аталған Заң жобасы шеңберінде автокөлікті техникалық тексеруден өткізетін операторлардың қызметіне қойылатын талаптарды күшейту көзделген.

Жоғарыда аталған өзгертулер мен толықтыруларды енгізу автокөлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізу сапасын жақсартуға және жосықсыз техникалық қарап тексеру операторларының санын 2 есеге қысқартуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Айта кетерлігі, бүгінгі таңда нарықта 950-қа жуық оператор көлікті техникалық тексеруден өткізу бойынша қызмет көрсетеді.

4 мамыр, 09:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.