Атырау, 4 мамыр 11:31
 ашықВ Атырау +15
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Жарты жыл ішінде Қазақстаннан 10 мыңға жуық адам кеткен

1 495 просмотра

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2021 жылғы қаңтар-мамырда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 3662 адамды, елімізден кеткендердің саны 9862 адамды құрады, деп хабарлайды zakon.kz.

Көші-қонның сальдосы - 6 200 адамды құрайды, делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттері арасында орын алатыны баса айтылады.

ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 84,3% және 82,1% құрады.

Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 23,5%-ға артты. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды: Алматы (11647 адам), Нұр-Сұлтан (8920 адам), Шымкент (7342 адам), қалаларында және Маңғыстау облысында (327 адам).

15 шілде 2021, 11:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.