Атырау, 26 желтоқсан 17:24
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Қол жеткізбес депутаттар

2 774 просмотра

24 қаңтарда облыстық мәслихаттың Х кезектен тыс сессиясында депутаттар №23 округтан сайланған депутат Владимир Пакты мерзімінен бұрын өкілеттігінен айыруға бір ауыздан дауыс берді.

В. Пак облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 15 тамызда болған (облыс әкімінің ауысуы) кезектен тыс V сессиясынан кейін 5 сессияның жұмысына және онымен бірге болатын  облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының 5 отырысына қатыспаған.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асау ИБРАШЕВ өзінің баяндамасында хабарлағандай, депутатпен хабарласу мүмкін болмаған. В. Пактың тұрғылықты жеріне өткен жылдың 26 қарашасы мен ағымдағы жылдың 14 қаңтары аралығында жіберілген телеграммаларға қарамастан, оның қайда жүргені жөнінде еш ақпарат ала алмаған.

Естеріңізге салсақ, өткен жылдың қазан айында басқа депутат Айбат СҮЛЕЙМЕНОВТІ осындай себеппен мандатынан айырған болатын Әкім депутаттардың кімнің жағында екенін түсінді» мақаласын қараңыз). Оған қатысты қылмыстық іс 2012 жылғы 21 тамызда ҚР ҚК 176-бабы 3-бөлімі «б» тармағы («Ірі көлемде өзіне сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе талан-таржға салу») бойынша  қозғалған еді Бәрі қашып жатыр» мақаласын қараңыз). Осы екі бұрынғы депутаттар иелігіндегі құрылыс компанияларының қызметтерінен қаржы полициясы бюджеттік қаражаттарды ірі көлемде жымқыру фактілерін анықтаған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

24 қаңтар 2013, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.