Атырау, 18 мамыр 15:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

«Салеметсіз бе, құрметті әкімдік!»

3 084 просмотра

Жуырда Ranking.kz «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес әкімдіктердің тұрғындармен қарым-қатынасы бойынша рейтингін жариялады. Атырау облысының әкімдігі соңынан есептегенде төртінші орында тұр.

Бұл ретте, азаматтардың өтінішінің 94,3% жауап берілді - бұл аса төмен көрсеткіш емес сияқты, бірақ көбі нақты жауап емес. Айтпақшы, «AЖ» тілшілері де үнемі осындай жағдайға тап болады. Белгілі бір тақырып бойынша редакциялық сауал жолдағанда, мардымсыз жауап аламыз, кейін оны нақтылап, қосымша ақпарат беруді талап етуге тура келеді. Кейде жауап та болмайды. Сосын әртүрлі дәлел айтып ақталады: ұмытып кеттіппіз, уақыт болмады, хатыңызды көрген жоқпыз деп.

Мәселен, жақында премьер-министрдің орынбасары Роман СКЛЯР Атырауға жұмыс сапарымен келіп-кетті. Облыстық әкімдіктегі кездесуге БАҚ өкілдерін шақырған жоқ, ал баспасөз қызметі ешқандай ақпарат келтірілмеген баспасөз релизін таратумен ғана шектелді.

Билік пен тұрғындар арасындағы кері байланысқа келер болсақ, атаулы күндермен құттықтау және алғыс айтқан пікірлер көзге түседі. Пайдаланушылардың сұрақтары мен шағымдары да бар, бірақ олар көбіне еленбей жатады. Мәселен, жақында жергілікті әкімдіктердің Facebook парақшасында мынадай мәтін жарияланды:

«Сәлеметсіз бе, құрметті әкімдік! Мен әлдеқашан messenger арқылы сіздерге сауал жіберіп, жауабын әлі күтіп отырмын. Не болып жатыр? Телеграм-канал арқылы да сізбен байланысуға мүмкіндік бермейсіз, өйткені хабарлама жіберу тетігі қандай да бір себептермен өшірулі тұр. Маған жауап берулеріңізді өтінемін немесе жағдайды түсінісу үшін админнің байланыс нөмірлерін беріңіз. Құрметпен, Рашид».

Ноғаев әкім болған кезде кері байланыс әлдеқайда жақсы болды, жауаптар барынша жедел әрі егжей-тегжейлі түсіндірілгенін мойындау керек.

...Байқағанымыздай, президент тапсырма бергенде немесе атқарылған жұмыс туралы есеп беру уақыты жақындағанда әкімдіктердің әлеуметтік желідегі белсенділігі айтарлықтай күшейеді. Мәселен, 12 ақпанда Атырау қаласының әкімі Қайрат ОРАЗБАЕВ есеп берді, бір күн бұрын әкімнің Фейсбуктегі ресми парақшасы жұмыс жасап тұрды. Ал жылдың қалған күндері ше? 

Айнұр САПАРОВА

31 наурыз 2021, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.