Атырау, 7 мамыр 11:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +22
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Жол-көлік апатында театр әртісі қаза болды

3 779 просмотра

19 наурызда кешкі сағат 9-да «Атырау-Доссор» жолында  «ГАЗель» мен «ВАЗ-2114» автокөліктері соқтығысып, салдарынан «Лада» көлігіндегі 23 жастағы жолаушы қаза болды. Ол М.Өтемісов атындағы академиялық драма театрының жанынан құрылған жастар театрының әртісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында «АЖ»-ға хабарлағандай, түнгі сағат екіде жеңіл көліктің 22 жастағы жүргізушісі облыстық ауруханаға жеткізілген. Ол қазір орташа ауыр халде жатыр (қабырғалары бірнеше жерден сынған). Ол да жастар театрының актеры.

Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы бойынша сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Фархат ӘБІЛОВ

20 наурыз 2021, 15:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.