Атырау, 4 мамыр 18:03
 ашықВ Атырау +7
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Парижде әлімжеттік құрбаны болған 14 жасар Алишаны еске алу маршы өтті

2 279 просмотра

Париж маңындағы Аржантёйде екі мыңнан астам адам 14 жасар Алишаны еске алуға арналған «ақ маршқа» қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

8 наурыз күні оны сыныптастары соққыға жығып, Сенаға итеріп жіберген соң, суға батып қаза тапты. Бұл оқиғаға дейін бойжеткен қыздың сыныбындағы құрбы-құрдастары оның дәрежесін түсіріп, ауыр сөздер айтқан, әлеуметтік желіде жеке парақшасын бұзып ашу арқылы интимдік фотосуреттерін қолға түсіріп, жәбір көрсеткен. 

Алишаның анасы: «Бұл оқиғаның болғанына сене алар емеспін. Оның қатыгездік, айуандықпен көз жұмғанын ойлағанда, ұйықтай алмаймын. Мен өзімді жалғыз сезініп жүрмін, жүрегімнің бір бөлшегінен айырылғандай күйдемін», - дейді. 

Тергеу мәліметінше, Алиша бұрын жақын болып, кейін аралары суып кеткен достарының қолынан қаза тапқан. Мектептегі теріс әрекеттері себебімен лицейден уақытша оқудан шығарылған олар Алишаны адам көп жүрмейтін жерге шақырып алып, соққыға жығып, суға итеріп жіберген. Ол кезде бойжеткен әлі есінен танбаған еді.

Алишаның өліміне кінәлі ұл бала мен қыз қамауға алынды. Оларға адам өлтіргені үшін айып тағылды.

15 наурыз 2021, 16:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.