Атырау, 19 мамыр 18:51
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Ломбард басшыларының бірі көп ұзамай сот алдында жауап береді

1 565 просмотра

Ақтөбе облысының полиция департаменті Атырауда қаржы пирамидасын ұйымдастырған «HomeAvtoInvest» ломбардының басшыларына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2019 жылдың қараша айынан бастап 2020 жылдың ақпанына дейін ақтөбелік үш азамат Ақтөбе, Атырау және Ақтау қалаларында «HomeAvtoInvest» ЖШС құрып, соның атын жамылып, осы қалалардың көптеген тұрғындарының ақшасын заңсыз иемденген.

Бұдан бұрын «AЖ» хабарлағандай, ломбард мына схема бойынша жұмыс істеген: автокөлікті немесе жылжымайтын мүлікті 3 айға дейін бөліп төлеу арқылы нарықтық құнынан 20% қымбатқа сатып алады. Әсіресе, армяндық және ресейлік нөмірлері бар көліктерден қалай құтыларын білмей жүргендер үшін бұл тартымды көрінді. Әрі қарай, нотариуспен келісім жасалып, ломбард бірнеше ай ішінде ақша беруге кепілдік беретіні көрсетілген. Сондай-ақ, ақшаны айына 30-40%-бен салуға да болатын еді.

«HomeAvtoInvest» ЖШС-нің бас кеңсесі Авангард ықшамауданында болды. Атырау тұрғындары осы аттас ломбардтардың өз клиенттерін алдап кеткенін білгенде, олар кеңсе алдында митинг ұйымдастырып, тіпті, басқа шарасы қалмағандар «HomeAvtoInvest» директорын драма театр маңындағы 5 қабатты үйдегі пәтерлердің біріне қамап тастады. Дегенмен полиция «АЖ»-ның бұл ақпаратын жоққа шығарды. Ал келесі күні таңертең 25 жастағы «кепілге алынушы» қамауға алынды. Оған қатысты 190-бап (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол тергеу абақтысына қамалды.

Өткен жылы ломбард ісі бойынша айыпталушылардың барлығы Ақтөбенің тергеу абақтасына этапталды, қазір олар сол жерде.

- Ақтөбе облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы «HomeAvtoInvest» ЖШС-нің қаржылық пирамидасына қатысты қылмыстық іс өндірісі аяқталды, - деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті. - Осы қылмыстық іс бойынша жәбірленушілерден қылмыстық іс материалдарымен танысу үшін 20 наурызға дейін Ақтөбе қаласы, Ағайынды Жұбановтар көшесі, 271 «А» кабинет 424 (телефон 936-424) мекен-жайы бойынша келуді сұраймыз.

Барлығы «ломбард» ісі бойынша 40-тан астам күдікті анықталып, оның 20-сы қамауға алынды. Алаяқтардың көбі қазақстандықтар арызданғанға дейін шетелге қашып кетті. Күдіктілер Қырғызстан, Молдова және Ресейден ұсталды. Қазіргі уақытта бүкіл Қазақстан бойынша 6 мыңнан астам адам зардап шеккен. Материалдық зиян - 22 миллиард теңгеден астам.

Фархат ӘБІЛОВ

15 наурыз 2021, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.