Атырау, 19 мамыр 02:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Трансформаторлар қайда?

3 116 просмотра

«АЖ» оқырмандары қала әкімдігі былтыр сатып алған трансформаторлар қайда орнатылады деген сұрақпен жүгінді.

Естеріңізге салсақ, билік 2020 жылы жазғы электр қуатының іркілістеріне қатысты проблеманы шешу үшін бір жиынтығы 3,4 млн теңгеден 50 трансформаторлық қосалқы станцияны сатып алды. Осы мақсаттарға бюджеттен барлығы 170 миллионнан астам теңге бөлінді.

Қалалық ТКШ бөлімінің ақпараты бойынша, қазіргі кезде Атырау қаласы мен қала маңындағы ауылдарда 15 трансформатор орнатылды. Атап айтқанда, Жеті Қазына, Жерұйық, Толқын, Атырау, Химпоселке, Лесхоз, Құрсай, Ракуша, Огородная, Жұмыскер-2, Нижний Перетаска ықшамаудандарында, Сәтпаев, 19 көшесінде бір-бірден. Ақсай ауылында тағы екі станция орнатылған.

Тағы 6 трансформаторды орнатуға орын дайындалуда: Химпоселке, Геолог, Ақжар және Ақсай ауылдарында бір-бірден. Атырау ықшамауданында да станциялар бар.

ТКШ бөлімінің хабарлауынша, трансформаторлардың барлығы осы жыл соңына дейін орнатылады. Ең алдымен кернеуі төмен ықшамаудандар, соның ішінде Сарыөзек жаңа станциямен қамтамасыз етіледі.

Бастапқыда трансформаторлар өткен жазда орнатылуы керек еді, бірақ пандемия бұл жоспарға кедергі келтірді.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суретті түсірген автор

12 наурыз 2021, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.