Атырау, 19 мамыр 03:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Облыстық перзентхана мен облыстық аурухана Талғайраңға көшетін болды

2 878 просмотра

Талғайраңда көпбейінді аурухана салынатын болды. Дегенмен бұдан бұрын жоба белгісіз мерзімге шегерілді деп хабарланған болатын. Құрылысты осы жылдың аяғында бастау жоспарланған.

- Облыстық аурухана мен облыстық перинаталды орталық Талғайраңға көшеді. Ал облыстық аурухана ғимаратында 200 кереуеттік қалалық жедел жәрдем ауруханасы жұмыс істейтін болады. Қазір ғимаратты жобалау жұмыстары жүргізілуде, жаз аяғына дейін барлық құжат дайындалып, жыл аяғына қарай құрылыс басталады, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Асхан БАЙДУӘЛИЕВ.

Перинаталды орталықтың қазіргі ғимаратын жөндеуден кейін №1 емханаға айналдыру жоспарланған. Біздің 8 емхананың 2-уі: Геологтағы және Нұрсаядағы №7 емхана ғана типтік стандартқа сай келеді. №1 емхана облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бұрынғы кеңсесінде орналасқан, ол жер тар. Ал перинаталды орталық ғимараты емхана қызметкерлері мен пациенттер үшін қолайлы болмақ. Тағы бір маңызды жері: ол емхананың қызмет көрсету аймағында орналасқан. Перинаталды орталықтың екінші ғимаратында медицина қызметкерлеріне арналған, оның ішінде отбасылық жатақхананы жабдықтау жоспарлануда.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

9 наурыз 2021, 16:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.