Атырау, 14 қараша 12:41
 бұлттыВ Атырау 0
$ 492.17
€ 522.39
₽ 5.00

Парламенттік сапар

2 506 просмотра

Қайрат ИЩАНОВҚайрат ИЩАНОВБүгін, 10 қаңтарда бір топ ҚР Сенаты мен Парламент Мәжілісі депутаттарының Атырау облысына жұмыс сапары басталды. Сапар мақсаты Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру.

Сенат төрағасының орынбасары Қайрат ИЩАНОВ, cенаторлар Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ, Әділ АХМЕТОВ пен Ғарифолла ЕСІМ, сондай-ақ, мәжілісмендер Асхат БЕКЕНОВ, Жалғас ДҮЙСЕНҒАЛИЕВ, Еркін ШПАНОВ, Алдан СМАЙЫЛ және Алмас ТОРТАЕВ келді. Түске дейін олар «Нұр Отан» ХДП облыстық активімен кездесіп, түстен кейін Сарыөзек ауданы тұрғындарының (Сарыөзектегі жалғыз ғана 5 қабатты үйдің) проблемаларымен танысты. Содан соң «Атаба» ЖШС көкөніс сақтау қоймасына барып, жергілікті педагогтар қауымымен кездесті.

Ертең депутаттар Құлсары қаласына барып, ол жерден «МеталлПродукт» ЖШС-нің металл конструкциясын шығаратын зауытын, «АтырауСауда» ЖШС құс фабрикасын, 280 орындық «Қызғалдақ» балабақшасын аралап, аудандық активке қатыспақ. Сенбі күнге «Болашақ» зауытына бару шарасы белгіленген.

 

 

 

 

 

 

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген автор

10 қаңтар 2013, 22:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.