Атырау, 19 мамыр 09:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Ту ауа-райының қолайсыздығынан түсірілді

Толықтырылды
2 919 просмотра

30 желтоқсанда салтанатты түрде ашылған Тутұғыр алаңында желбіреп тұрған, көлемі  29 да 14,5 метр болатын Қазақстанның мемлекеттік Туы 1 қаңтарда көрінбеді. 

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Қанат ӘЗМҰҚАХАНОВТЫҢ хабарлауынша, желдің күшеюіне байланысты еліміздің мемлекеттік рәмізін тутұғырдан түсіріп қойған. 

- Мемлекеттік рәмізге ерекше көңіл бөлінеді. Ауа-райының қолайсыздығынан оны түсіре тұруға тура келді, - дейді Әзмұханов. - Ту жақын арада ауа-райы тұрақтанғаннан кейін қайта көтеріледі.

Белгілі болғандай, 2 қаңтарда ту қайта көтерілді. 

Фархат ӘБІЛОВ

Сурет әлеуметтік желіден алынды

2 қаңтар 2021, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.