Атырау, 19 мамыр 10:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

«Шикі» іс Алматыда қайта қаралады

3 860 просмотра

Бүгін, 24 желтоқсанда Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюроның баспасөз орталығында «Қазақстанша мұнай соғысы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Құқық қорғаушылар «Ақтөбе Нефтепереработка» ЖШС-нің маркетинг және логистика жөніндегі директоры Алмаз ҚОЖАҒАЛИЕВҚА, беларуссиялық бизнесмен Сергей КУНЦЕВИЧКЕ, ЖШС қызметкерлері Эдуард ӨТЕНИЯЗОВ пен Азамат КӨШКІНБАЕВҚА қатысты мұнай ұрлау ісі бойынша мәлімдеме жасады.

Естеріңізге салсақ, 2016 жылдың күзінже ҰҚК қызметкерлері Қырғызстан зауытына жіберілген төрт цистернаны ұстаған болатын. Құжат бойынша, ішіндегі сұйықтық өңделген өнім, ал тергеу жорамалы бойынша бұл шикі мұнай болған. Нәтижесінде іс фигуранттарын «қара алтынды» Қазақстаннан заңсыз шығарған халықаралық картель құрды деп айыптады.

- Тергеу мәліметі бойынша, кен орнынан сатып алынған мұнай МӨЗ-ге әкелінген, содан кейін өңделмей, мұнайдың жеңіл фракцияларымен араластырылып, «OilBlend» өнімінің атын жамылып, Қырғызстанға шығарылған делінген. Алайда қорғау тарапының пікірінше, келіп түскен мұнайдың бүкіл көлемі өңделіп, одан 2 өнім алынған - бұл Қазақстанда сатылған дизель отыны және Қырғызстанға сатылған «Ойл Бленд мұнай өнімдерінің қоспасы» өнімі. Екі өнім де Қазақстанда заңды түрде тіркелген. Әрине, бұл шикі мұнай емес, - дейді құқық қорғаушылар.

2018 жылы Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қожағалиевты 19 жылға, Кунцевичті 17 жылға, Өтениязов пен Көшкінбаевты 4 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды.

Бірақ өткен жылдың желтоқсанында Жоғарғы Сот үкімнің заңдылығына күмәнданып, оның күшін жойып, істі Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасына жаңа сот талқылауына жіберді.

Айта кету керек, үкімнің жоқтығына қарамастан, айыпталушылар үштен төрт жылға дейін және одан да көп уақыт қамауда отыр, ал Э. Өтениязов пен А.Көшкінбаевтың белгіленген жаза мерзімі өтіп кеткен.

Айнұр САПАРОВА

24 желтоқсан 2020, 16:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.