Атырау, 19 мамыр 09:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Резерваттағы құстар пастереллезден қырылған ба?

2 705 просмотра

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 4 қарашада «Ақжайық» резерватының қызметкерлері 16 құстың - 11 суқұзғын мен 5 шағаланың өлексесін тапқан еді. Осыдан кейін күн сайын дерлік өлі құстар табылуда. Бүгінде олардың саны 120-ға жетті, оның 8-і - шағала, қалғандары – суқұзғындар. Бәрі де балық жүретін арна сағасынан табылды.

Аумақтық жануарлар дүниесі инспекциясының өкілі Мереке ШАЛҚАРОВТЫҢ айтуынша, Ұлттық ветеринария жөніндегі референттік орталыққа зерттеу үшін бірнеше өлексе жіберіліп, оларға «пастереллез» диагнозы қойылған. Ал аумақтық жануарлар дүниесі инспекциясында құстардың қырылу себептерін тексеретін  комиссия жұмыс істейді. Топырақтан, судан, азық қорынан және ауадан анализ алынды. Алматы вирусология және микробиология институтының қызметкерлері де әлі қорытындысын берген жоқ.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

12 қараша 2020, 16:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.