Атырау, 5 мамыр 12:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

ДДСҰ басшысы пандемияның қиын кезеңіне дайындалуға шақырды

2 480 просмотра

Әлем пандемияның өте қиын айларын күтуде. Бұл мәлімдемені Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс жұмада өткен брифингте жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Біз COVID-19 пандемиясының қиын кезеңінде тұрмыз, әсіресе солтүстік жарты шарда. Келесі бірнеше ай өте қиын болады және бірқатар елдер қауіпті бағытта қозғалады. Тым көп мемлекет COVID-19 жағдайларының экспоненциалды өсуіне тап болды, қазір ауруханалар мен реанимация палаталары өз мүмкіндіктерінің шегіне жетті. Ал бұл тек қазан айы", - деді ДДСҰ басшысы.

Гебрейесустың айтуынша, ел басшылары жаңа апаттың алдын алу үшін шаралар қабылдауы керек.

24 қазан 2020, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.